Мәжіліс депутаттары Сыр өңірінде қоғамның түрлі топтарымен кездесулер өткізуде (ФОТО)
![None None](/static/img/plug.webp)
Бұл туралы облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының хатшылығы хабарлады.
Алдымен сапар барысы Шиелі ауданын бастау алған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Наталья Жұмаділдаева, Абзал Ералиев, Геннадий Шиповских аудан ахуалымен танысты.
Сапар барысында Талаптан, Жуантөбе, Керделі ауылдық округінің тұрғындарымен кездесіп, күрделі жөндеуден өтіп жатқан мектеп және мәдениет үйі, "Нұрлы Жол" инфрақұрылымды дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында жаңадан ашылған №214 мектептің жұмысымен танысты.
Сондай-ақ, Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, күріш өсіруші, Ыбырай Жақаев атындағы саябақ жұмысымен танысып, гүл шоқтарын қойды.
Одан әрі "Ару Ана" түйе сүтін өндіретін цехының және күрделі жөндеуден өтіп жатқан Шиелі аудандық мәдениет үйі ғимаратын көрді.
Аудан әкімдігі мәжіліс залында аудан әкімі, аудандық "Нұр Отан" партия филиалының төрағасы Қ.Сәрсенбаевтың төрағалығымен мәжіліс депутаттары аудандық партия филиалы активімен, этнос өкілдерімен, облыстық ассамблеяның аудандық Қоғамдық келісім кеңесі, Аналар кеңесі мүшелерімен кездесті.
Сонымен қатар ҚР Парламенті мәжілісінің депутаттары аудан тұрғындарына "Нұр Отан" партиясы аудандық филиалы ғимаратында қоғамдық қабылдау жүргізді.
Мәжіліс депутаттары Шиелі кентіндегі ардагерлер үйінің жұмысымен және Ы.Жақаев атындағы күріш өсіру тарихи музейінің жұмысымен танысты.
Кездесулер барысында тұрғындар халық қалаулыларына сауалдарын қойып, тұшымды жауаптарын алды.