20:23, 03 Шілде 2013 | GMT +5
Мәжіліс депутаттары Теректі ауданы тұрғындарымен кездесті - БҚО
ОРАЛ. 3 шілде. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Шавхат Өтемісов, Виктор Киянский, Самиғолла Оразов Теректі ауданында болды.
Депутаттар С.Әлиев жетекшілік ететін «КХ Орал-Агросервис» ЖШС тынысымен танысты. Бұл аудандағы бау-бақша дақылдары мен картопты тамшылатып суару арқылы өсіруге маманданған шаруашылық болып саналады. Өткен жылы қуаңшылыққа қарамастан, шаруалар тәуір өнім алды. Биыл одан да мол өнімнен үмітті.
Депутаттар өсімдік шаруашылығын сақтандыру мәселесін Парламентте көтеру жөнінде уәде етті.
Мәжіліс депутаттарының өңір тұрғындарымен кездесуі одан әрі жалғасуда. Ертең, 4 шілде күні облыстық төтенше жағдайлар департаментінде Мәжіліс депутаттарының қатысуымен «Азаматтық қорғаныс туралы» ҚР Заңының жобасы талқыланбақшы.