Мәжіліс депутаты Ақмола облысында бірқатар кездесулер өткізді

АСТАНА. 5 шілде. ҚазАқпарат - Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» ХДП фракциясы мүшесі Жексенбай Дүйсебаев Ақмола облысының елді мекендерінде сайлаушылармен кездесулер өткізуде, деп хабарланды ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметінен.
None
None

Мәжіліс депутаты Целиноград ауданы орталығы Ақмол кентінде болып аудан әкімі аппаратының қызметкерлерімен және ауыл тұрғындармен кездесті, сондай-ақ бірқатар әлуметтік нысандарды аралап көрді.

Содан кейін Максимовка селолық округін және Қосшы кентін аралап, сайлаушылармен, ауыл ақсақалдарымен жолықты, сондай-ақ «Алтын таға» мал базары кешенінде болды.

Ерейментау ауданында болып аудан әкімі аппаратының қызметкерлерімен және аудан орталығындағы «Болашақ», «Сказка» балабақшаларын аралап көрді, сондай-ақ «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалында қоғамдық қабылдау өткізді. Кейін Торғай селолық округінде болып, селолық мектептің ғимаратымен танысты. Бұдан кейін, Астрахан ауданына барады.

Жалпы кездесу барысында Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауындағы жергілікті өзін-өзі басқаруға қатысты мәселелер талқыға салынды және түсіндірілді.

Соңғы жаңалықтар
Референдум