Мәжіліс депутаты АҚШ-тың Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі Мемлекеттік хатшысы көмекшісінің орынбасарымен кездесті

АНА. Қазанның 30-ы. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін   Парламент Мәжілісінің депутаты, ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия төрағасы Сағынбек Тұрсынов бастаған делегация АҚШ-тың Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі Мемлекеттік хатшысы көмекшісінің орынбасары Джордж Кролмен кездесті,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Кездесу барысында депутат комиссия тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде әңгімелеп берді. Оның  айтуынша, соңғы уақытта елімізде құқықтық салада жүргізілген реформалар Қазақстан қоғамын классикалық демократияға жақындатып отыр. Яғни адам құқықтары мен бостандығы мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып қалмақ. «Осы мақсатта өткен жылы елімізде адам құқықтарының жағдайына байланысты арнайы баяндама дайындалды. Оған байланысты тиісті мониторинг және әлеуметтік сауалнама жұмыстары жүргізілді. Сондай-ақ биылғы жылы біз адам құқықтары саласында арнайы ұлттық жоспар жасаған болатынбыз. Оны дайындау шараларына барлық мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар және құқық саласының мамандары қатысты», деді  С. Тұрсынов.

 Сондай-ақ ол сөзінде ұлттық жоспардың елдегі құқық қорғау саласындағы және заңнамалардағы кем-кетіктерді анықтауға мүмкіндік беретіндігін атап көрсетті. «Мұндағы мақсат мемлекетте заңның үстемдігін қамтамасыз ету үшін қолданыстағы заңдарымызды барынша жетілдіру болып табылады. Жоспар көпұлтты мемлекетіміздің өміріндегі барлық мәселелерді қамтиды», деді комиссия төрағасы.

 Кездесуде АҚШ өкілдері Қазақстандағы демократия мен адам құқықтары саласындағы атқарылып жатқан жұмыстардың көңіл толтыратындығын, ал ұлттық жоспарда қамтылған мәселелер мақтауға тұрарлықтай екендігін атап көрсетті. Меймандар сонымен қатар аталмыш жоспардың дайындалу барысы мен осы жұмыстар кезінде орын алған проблемалар төңірегінде де өзара пікір алмасты.   

Соңғы жаңалықтар