Мәжіліс депутаты алматылық кәсіпкерлерді шағын және орта бизнесті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырудың барысымен таныстырды

Халық қалаулысы онда мемлекеттік сатып алу саласындағы заңнаманы жетілдіру және оған бизнес өкілдерінің қатысуы мәселесін қозғады. Сондай-ақ өндірістік инфрақұрылымды индустриалдық аймақтарда құру мен жекелеген бизнес-жобаларды қолдау арқылы дамыту жайын көтерді. Жаңа іс бастаған кәсіпкер бизнесті жүргізуде сервистік қолдау, компаниядағы менеджментті оқыту және өнідірісті жаңарту жолымен шетелдік әріптестермен іскерлік байланыс орнатуға қолдау көрсету мәселелері айтылды.
Қордың Басқарма төрайымы Ләззат Ибрагимованың сөзіне қарағанда, «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында қазіргі таңда 1700 компания субсидияланған. Олар негізінен орта бизнестегі тауар өндірушілер. Аяғынан тұрып, өндіріспен айналысып жатқан бұл компаниялардың басты мәселесі отандық енімдерді ел аумағындағы тұтынушлырға жеткізу болып отыр. Бизнестің көкейкесті мәселелері талқыланған бұл басқосуға қатысушылар мұндай шараларды алдағы уақытта тұрақты өткізіп тұрудың қажеттілігі жөнінде өзара пәтуаға келді.