Мәжіліс депутаты Қ. Ыдырысов Қызылорда облысының бірнеше ауданында тұрғындармен кездесулер өткізді

Жүзге жуық адам қатысқан осы кездесуде «Дипломмен ауылға» бағдарламасы жайлы, ауыл шаруашылығына берілетін несиелердің қолжетімсіздігі, ауыз су мәселелері көтерілді.
Сонымен қатар депутат «Нұр Отан» ХДП-ның Қармақшы ауданының филиалында тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Өтініш жасаған адамдар электронды сатып алудағы кемшіліктер, ауыз су жайлы мәселелерді қозғады.
Қармақшы ауданы, ІІІ-Интернационал ауылының тұрғындарымен кездесу өткізілді. Мұнда «Алуан АС» АҚ-ның 12 млн. теңгені құрайтын 6 айдың жалақысын бермей жатқаны жайлы, емхананың құрылысы, аурухананың канализацияның болмауы, ауыз су мәселесі ортаға салынды.
Келесі күні депутат Қ. Ыдырысов Жалағаш ауданы, Ақсу ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді. 250 адам қатысқан осы жиында ауыл шаруашылығына берілетін несиелердің қолжетімсіздігі, көшені абаттандыру, инвесторлар, еңбекақыларын уақытында ала алмауы, зейнетақы қорына төлемдердің аударылмауы сөз болды.
Жалағаш ауданының Бұқарбай ауылында мал сою пункті мен биоотын шығаратын зауытының жұмысымен танысып, Сырдария ауданы Қалжан ахун ауылының тұрғындарымен кездесті. Депутат Сырдария ауданы, Жетікөл ауылында мал сою мен бордақылау пунктінің жұмысымен танысты.
Сонымен қатар Жалағаш және Сырдария ауданы тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізілді.
Құттықожа Ыдырысов Қызылорда қаласында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің әскери бөлімімен кездесу жүргізді. Шекарашылар балабақша мен тұрғын үй мәселесін қозғады.
Бұдан соң депутат Қызылорда қаласында салық саласының қызметкерлерімен кездесті. 250 адам қатысқан басқосуда ҚР Салық кодексі талқыланды. Түрлі ой-пікірлер айтылып, сұрақтарға жауап берілді. Қызметшілер жалақының аздығы жайлы мәселе көтерді.
Сондай-ақ Қызылорда қаласының іргесіндегі Тасбөгет кентінің тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды.
Ал 3 мамыр күніЖаңақорған ауданында Мәжіліс депутаты, облыс әкімінің орынбасары мен ауыл шаруашылық басқарма бастығы, ауыл әкімдері, «Нұр Отан» ХДП-ның Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, «Казагронесие» АҚ, «Ауыл шаруашылық қолдау қоры», жеке шаруашылықтар қызметшілерінің қатысуымен жиналыс өткізілді. Оған 300 адам қатысып, ауыл шаруашылығына берілетін несиелердің қолжетімсіздігі, ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламасы жайлы, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту жайлы мәселелер қозғалды.
4 мамырда ҚР Ұлттық Банкінің Қызылорда облысындағы филиалында екінші деңгейлі банктер өкілдерінің қатысуымен жиналыс өткізілді. Жиналысқа 150 адам қатысты, онда ҚР-ның қаржы құрылымына қатысты заңдар жайлы сөз қозғалды, тиісті ой-пікірлер айтылып, сұрақтарға жауап берілді.
5 мамыркүні депутат «Нұр Отан» ХДП-ның Қызылорда қаласындағы филиалында азаматтарды қоғамдық қабылдау жүргізді, онда халықты алаңдатып отырған ауыз су, жер телімін беру және өзге де әлеуметтік мәселелерге назар аударылды.
Сондай-ақ депутат осы сапары барысында Қармақшы, Жалағаш және Сырдария аудандары аумағында, Қызылорда қаласы төңірегіндегі «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі жобасының іске асырылуымен танысты. Қызылорда қаласындағы «Нұр Отан» ХДП-ның облыстық филиалында «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзиттік дәлізі жобасының іске асырылуына мониторинг жасау жөніндегі Қызылорда аймақтық қоғамдық комиссиясының отырысына қатысты.