Мәжіліс депутаты кореялық журналистерге еліміздің ішкі және сыртқы саясаты туралы әңгімелеп берді

АСТАНА. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Бүгін Парламент Мәжілісінің депутаты Камал Бұрханов Корея Республикасының беделді бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен кездесті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Елімізге келген корейлік БАҚ-тардың ішінде «Ёнхап» және «Омай» ақпарат агенттіктері мен «Сеул Шинмун», «Донг-А Ильбо», «Чжосон Ильбо», «Чжунг Ан Ильбо», «Хангэре», «Кукмин Ильбо», «Мунхва Ильбо» газеттерінің өкілдері бар. Сонымен қатар осы жүздесуге Корея БАҚ қоры директорының орынбасары қатысты. Мәжіліс депутаты еліміздің ішкі және сыртқы саясаты туралы жан- жақты әңгімелеп берді. Қазақ елі қашаннан көрші елдермен көп салалы достық байланыс орнатқаны, тәуелсіздік алғаннан кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев әлемнің көптеген мемлекеттерімен ынтымақтастық қарым-қатынасын жаңа деңгейде қалыптастырды. Журналистердің бірқатар сұрақтарына жауап берген парламентші бейбітшілікті қолдау, атом қаруын қолдануға қарсы елдің ұстанымы жайлы айтып берді. Қазақстандағы корей диаспорасының жағдайы жөнінде сөз болды. «Қазақстан ? экономикалық даму жолына түскен мемлекет. Елімізде өзге шетелдіктермен бірге кореялық компаниялар да табысты еңбек етіп жатыр. Алдағы уақытта да тиімді жобаларды жүзеге асыруға кореялық компаниялар ықылас білдірсе, инвестиция саламын десе, оған жол ашық»,- деді Камал Бұрханов. Корей журналистері Қазақстанның сыртқы саясаты және өзге елдермен қарым-қатынастары туралы ақпараттық материал дайындау мақсатымен келген. Меймандар Мәжілісте өткен кездесуден үлкен әсер алғандарын мәлім етті.
Соңғы жаңалықтар
Референдум