Мәжіліс Экономикалық даму және сауда министрлігі мен Қаржы министрліктерінің өкілеттіктерін ажырататын құжатты мақұлдады

ТАНА. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет процесінде
None
None

мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органдар құзіретінің аражігін ажырату мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлданды.

Отырыста аталмыш құжатқа қатысты баяндаманы Экономикалық даму және сауда министрі Қайрат Келімбетов жасады. Оның айтуынша, заң жобасы біріншіден өткен жылдың 12 наурызындағы және ағымдағы жылғы 10-шы тамыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес қабылданған Экономикалық даму және сауда министрлігі және Қаржы министрлігі арасындағы өкілеттіктердің ара жігін ажыратуға бағытталған. Сонымен қатар құжат бюджеттің инвестицияларды жүзеге асыру рәсімдерін оңтайландыру нормаларын заңнамалық бекітуге байланысты кейбір заңнамалық актілерге түзету енгізуді көздейді. Заң жобасында аталғандармен қоса Қаржы министрлігі мен Экономикалық даму және сауда министрлігі арасындағы бюджеттік үдерістерге деген өкілеттіктерді де ажырату қарастырылған.

Соңғы жаңалықтар