Мәжіліс Қазақстан мен Армения арасындағы инвестицияларды көтермелеуге бағытталған келісімді мақұлдады

аурыздың 31-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Армения Республикасының Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл келісімге екі елдің инвестициялық ахуалын жақсарту және өзара тиімді сауда-экономикалық ынтымықтастықты одан әрі дамыту мақсатында 2006 жылғы қарашаның 6-сында Астана қаласында қол қойылған. Келісімге сәйкес, Тараптар өз аумағында екінші Тарап мемлекеті инвесторларының инвестицияларын көтермелеп, оларға қолайлы жағдайлар жасайтын болады. Сонымен бірге, екінші Тарап мемлекеті инвесторларының инвестицияларына және одан түсетін кірістерге әділ және тең құқықтық айналымды, сондай-ақ тұрақты қорғау мен қауіпсіздікті ұсынатын болады.

Бұдан бөлек, заң жобасында Тарап мемлекеттері инвестицияларды мемлекет иелігіне алу немесе олардан айыру кезінде инвесторларға өтемақы төлейтіні де көзделеді. Келісім екі мемлекеттің экономикасына инвестицияларды ынталандыру үшін зор мүмкіндіктер береді деп күтілуде және бұл Қазақстан мен Армения елдерінің қарым-қатынастарын дамытуда маңызды болмақ.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар