12:51, 28 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Мәжіліс Қазақстан мен Қырғызстан арасында өтеусіз әскери көмекке қатысты заң жобасын мақұлдады
ТАНА. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Мәжіліс депутаттары бүгін жалпы отырыста «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Республикасының Үкіметі арасындағы өтеусіз әскери-техникалық көмек көрсету туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.

Отырыста құжаттың мақсат-міндеттерімен таныстырған Қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Жанжүменовтің айтуынша, аталмыш келісім Орталық Азия өңіріндегі қауіпсіздікті нығайту және Қырғыз Республикасының Қарулы күштерін дамытуға жәрдем беру мақсатында жасалды. Келісімге сәйкес қазақстандық тарап қырғыз тарапына әскери мүлікті өтеусіз беру түрінде әскери-техникалық көмек көрсетеді. Қырғызстан өз тарапынан Қазақстаннан өтеусіз алынған әскери мүлікті және оны пайдалану құқығын үшінші тарапқа бермеуге міндеттенеді.