Мәжіліс Қазақстан мен Словения арасындағы халықаралық тасымалдар туралы келісімді мақұлдады

ыркүйектің 29-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Словения Республикасының Үкіметі арасындағы Жолаушылар мен жүктердің автомобиль көлігімен халықаралық тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады. Енді құжат Парламент Сенатына жіберіледі.
None
None

Келісімнің мақсаты екі ел арасында халықаралық автомобиль қатынасы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту болып табылады. Соған сәйкес автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру үшін осы заң жобасы арқылы құқықтық негіз жасалады.

Келісім Қазақстан мен Словения арасындағы халықаралық автомобиль қатынасында жолаушылар мен жүктердің тасымалын, олардың аумақтары арқылы транзитті, сондай-ақ осындай тасымалдарды орындауға рұқсат берілген тасымалдаушылардың үшінші елдерге тасымалын реттейді. «Бұндай келісімді қабылдаудың маңыздылығы ең алдымен Словениямен арадағы жүк тасымалының ауқымының артуына орай болып отыр. Бұл көрсеткіш шамамен жылына 2,7 мың тоннаны құрайды. Екіншіден, Словения аумағы арқылы Италиядан елімізге келетін жүктер транзиті де өтеді. Аталған республикамен транзиттік тасымалдар 2009 жылы 36 мың тоннаны құрады», деді заң жобасы бойынша баяндаған Көлік және коммуникация вице-министрі Азат Бектұров.

Соңғы жаңалықтар