Мәжіліс Кеден ісі туралы кодекс жобасын мақұлдады

аусымның 3-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің жобасын екі оқылымда мақұлдады,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Кеден одағының Кеден кодексін әзірлеудегі басты мақсат - Кеден одағының кедендік аумағында кедендік реттеудің негіздерін құру. Бұл ретте Кеден одағы Кеден кодексінің нысаны мен мазмұны бойынша жаңғыртылған тікелей әрекет ететін нормалар қамтамасыз етіледі. Одақтың бірыңғай кедендік аумағында кедендік әкімшілендіруді ұйымдастыру қағидаттарына келетін болсақ, ішкі кедендік шекараларына кедендік бақылау мен кедендік рәсімдеулер болмайды. Бірыңғай кедендік аумақта кедендік рәсімдеулер бірыңғай қолданылады. Сонымен қатар, рәсімдеуге және кедендік бақылауға байланысты сыртқы сауда қызметінің субъектілеріның шығындарын барынша азайту қарастырылады», деді заң жобасы бойынша баяндаған Қаржы министрі Болат Жәмішев.

Сонымен қатар, қолданыстағы ұлттық Кеден кодексінде қамтылмаған негізгі жаңалықтарға тоқтаған министр, заң жобасы бойынша өзара саудада кедендік рәсімдеу және кедендік бақылауды алыптастаулар көзделетінін, бірыңғай кедендік аумағы туралы түсінік енгізілетінін атап өтті. Бұдан бөлек, арнайы жеңілдіктерді пайдаланатын әлеуетті экономикалық операторлар инсититуты енгізіледі. Декларанттың мүддесін білдіру шеңберінде жекелеген кедендік операцияларды жүзеге асыру құқығы берілетін кедендік өкіл ұғымы да қолданысқа шығады.

«Сондай-ақ, Кеден одағына қатысушы елдердің аумағында кеден ісі саласындағы қызметтерді жүзеге асырушы тұлғаларға қатысты бірыңғай талаптар бекітіледі. Кеден одағының барлық аумағында транзиттің бірыңғай шарттары жасалады», деді Б. Жәмішев.

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы Парламент Сенатына жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар