Мәжіліс Кеден одағы аясында тауарлардың дамушы және аз дамыған елдерден шығарылғанын айқындау туралы келісімді мақұлдады

қпанның 24-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата депутаттары «Тауарлардың дамушы және аз дамыған елдерден шығарылғанын айқындау ережесі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасын мақұлдады.
None
None

Енді құжат Парламент Сенатына жіберіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеден одағы аясындағы осы келісімнің мақсаты мемлекеттердің бірыңғай кедендік аумағында дамушы және аз дамыған елдерден шығарылатын тауарларға қатысты айқындау ережесін қолдану болып табылады. Бұл ретте дамушы және аз дамыған елдердің тізбесі тараптар арасындағы жеке келісіммен белгіленетін болады.

«Сонымен бірге, құжат Қазақстан мен Кеден одағы елдері преференцияларының жалпы жүйесі шеңберінде халықаралық міндеттемелері және анықтамасы бойынша тауардың шығарылғаны туралы декларация, сертификаттарын рәсімдеу талабын орындауға құқықтық негіз болып табылады. Тауарлардың дамушы және аз дамыған елдерден шығарылғанын айқындау ережесі Келісімнің ажырамас бөлігі болып отыр. Бұл ереже тек қана үшінші елдерден шыққан тауарларға қатысты қолданылатын болады. Жалпы, келісімдерді ратификациялау теріс экономикалық-қаржылық салдарға әкеп соқтырмайды», деді заң жобасы бойынша баяндаған Қаржы министрі Болат Жәмішев.

Соңғы жаңалықтар