Мәжіліс ҚР Тұңғыш Президентінің - Елбасының қызметін қамтамасыз етуге бағытталған екі заң жобасын мақұлдады
және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының қызметін қамтамасыз ету саласында заңнама жетілдіру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» заң жобалары мақұлданды. Естеріңізге сала кетейік, аталған заң жобасына Мәжіліс депутаттары Розақұл Халмұрадов, Светлана Ферхо және Әмзебек Жолшыбековтер бастамашылық жасаған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Заң жобасында ҚР Тұңғыш Президентінің - Елбасының айырықша тарихи миссиясына байланысты оның мәртебесін және өкілеттілігін нақтылау қызметін қамтамасыз етудің кепілдігін қарастыру көзделген. «Атап айтқанда ҚР Тұңғыш Президентінің - Елбасының Қазақстан халқына мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға мемлекеттік құрылыстың, елдің қауіпсіздігінің аса маңызды мәселелері бойынша тиісті мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар міндетті түрде қарауға жататын бастамалар жасау құқығын беру. Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатындағы негізгі бағыттар бойынша әзірленетін бастамаларды ҚР Президенті - Елбасымен келісу қажеттілігі қарастырылған. Сонымен қатар еліміздің Тұңғыш Президентіне - Елбасына ешкімнің тиіспеушілік мәртебесі бойынша нақты регламенттеу мақсатында ҚР Президентінің өкіліеттілігін орындау кезінде, ал ол өкілеттілік тоқтатылғаннан кейін ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы мәртебесін жүзеге асыруға байланысты жасаған іс-әрекеті үшін оны жауапқа тартуға, ұстауға, қамауға алуға, жеке басын тексеруге болмайтындығын айқындау ұсынылады. Сонымен бірге Тұңғыш Президент - Елбасы және онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің мүлкіне тиіспеушілік кепілдігін беру ұсынылып отыр, деді Р. Халмұрадов.