Мәжіліс спикері ЭКСПО-2017 көрмесі аясында Түркі мәдениетінің фестивалін өткізуді ұсынды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Түркі тілдес мемелкеттер Парламенттік Ассамблеясының Vl пленарлық отырысында сөз сөйлеген Парламент Мәжілісінің төрағасы Қабиболла Жақыпов «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында Түркі мәдениетінің фестивалін өткізуді ұсынды.
None
None

«Сіздер, 2017 жылы астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтетінін білесіздер. Көрменің тақырыбы «Болашақ энергиясы» - энергияның жаңартылатын және баламалы көздерін дамытуға арналады. Осы ретте Қазақстанға қолдау білдіргендеріңіз үшін алғысымды айта отырып, осынау ауқымды шараны ұйымдастыру мен өткізудегі ынтымақтастыққа шақырамын», - деді Мәжіліс спикері.

Бұл ретте Қ. Жақыпов ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында Түркі кеңесі мен ТүркПА қолдауы арқылы Түркі мәдениетінің фестивалін өткізуді ұсынды.

«Мұндай қадам бүкіл әлемге біздің ынтымақтастығымыз бен бірлігімізді көрсетіп, түркі мемлекеттер ұлттық мәдениетінің ерекшелігін, қайталанбас кереметін көрсететін еді. Осыған байланысты осы ұсынысты ТүркПА Әлеумет, мәдениет және гуманитарлық мәселелер жөніндегі комиссиясы қызметіне енгізіп, жолдауды ұсынамыз», - деді спикер.

Соңғы жаңалықтар