Мәжіліс спикері Лондон Олимпиадасында үшінші «алтын» алған М. Манезаға құттықтау хат жолдады

АСТАНА. 1 тамыз. ҚазАқпарат - Мәжіліс спикері Н. Нығматулин Лондон олимпиадасында Қазақстанның қоржынына үшінші алтынды салған Майя Манезаны жеңісімен құттықтап, үкіметтік жеделхат жолдады.
None
None

Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

«Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары атынан Лондонда өтіп жатқан ХХХ Олимпиадалық ойындарда жеңіп алған алтын медаліңізбен шын жүректен құттықтаймын. Өзіңіздің таңғажайып жеңісіңізбен қазақстандық ауыр атлеттердің күшін байқатып, артықшылығын көрсеттіңіз. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қазақстандық спорт пен барлық спортшыларға жасап отырған қамқорлығы біздің атлеттердің әлемдегі ең абыройлы жарыстардың жеңіс баспалдақтарының жоғарғы орындарынан көрінуіне мүмкіндік туғызуда. Сіздің жеңісіңіз - қазақстандық ауыр атлеттер мектебінің үздіктігінің нақты дәлелі. Жеңіске деген жігеріңіз бен қайсарлығыңыз және асқан еңбекқорлығыңыз Сізді Олимпиаданың рекордын жаңартуға бастады. Сізге зор денсаулық пен  жаңа биіктер тілеймін!», - делінген жеделхатта.

Соңғы жаңалықтар