Мәжіліс төрағасы ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығының жетекшісімен жүздесті

АСТАНА. 28 ақпан. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжіліс төрағасы, «Нұр Отан» ХДП Төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығының жетекшісі Наталия Зарудна ханыммен кездесті.
None
None

Кездесу барысында Астанада өткен ЕҚЫҰ Саммиті «Қауіпсіздік қоғамдастығына барар жолды» айқын көрсеткен тарихи Астана Декларациясының қабылдануымен аяқталғаны атап өтілді.

Осы орайда Мәжіліс төрағасы аймақтық қауіпсіздікті нығайтудағы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айрықша рөліне ерекше тоқталды. «Мемлекет басшысының маңызды бастамасы біздің еліміздің халықаралық қауіпсіздіктің, соның ішінде орталықазиялық аймақта тұрақты жүйесін құруға ғана емес, оны дамытуға белсенді түрде қатысуға жағдай жасайды»,- деді Нұрлан Нығматулин.

Жоғары заң шығару органының қызметі туралы сөз қозғалғанда, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының іс-шараларына қатысу үшін Мәжілісте делегация қалыптастырылғаны атап өтілді. Осы делегация құрамына Парламентке сайланған барлық үш партияның өкілдері енген.

Өз кезегінде Наталия Зарудна Қазақстан мен ЕҚЫҰ парламентшілерінің ынтымақтастық қарым-қатынасының нығая түсетініне сенім білдірді.

Соңғы жаңалықтар