Мәжіліс Төрағасы Финляндияның Сыртқы сауда министрімен кездесті

аурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов Финляндия Республикасының Сыртқы сауда және даму министрі П. Вяйрюненмен кездесті,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жүздесудегі әңгіме барысында Мәжіліс Төрағасы О. Мұхамеджанов Қазақстанның Финляндияны Еуропадағы маңызды саяси және экономикалық әріптес ретінде қарастыратынын атап өтті. «Біз барлық бағыттар бойынша екіжақты диалогтық қарым қатынастың дамуына мүдделіміз. Сонымен бірге, Қазақстан Финляндия елін өзінің сыртқы саяси бастамаларына қолдау білдіргені үшін жоғары бағалайды», деді О. Мұхамеджанов.

Өз кезегінде П. Вяйрюнен Қазақстан мен Финляндия арасындағы байланыстар қарқынды дамып отырғанын айтты. Сондай-ақ, ол фин тарапы Қазақстан мен Финляндия арасындағы қосарланған салық салуды болдырмау туралы Келісімді ратификациялағанына тоқталып, бұндай құжатты қазақстандық тарап та тезірек қабылдаса деген тілегін жеткізді. Сонымен бірге, министр Қазақстан, Ресей, Беларус арасындағы Кеден одағының қалыптасуына тоқтала келе, бұның екі елдің сауда-экономикалық қарым қатынастарын одан әрі дамыту мәселесіне әсері жөнінде Мәжіліс Төрағасынан пікір білдіруді сұрады.

Өз кезегінде О. Мұхамеджанов Қазақстан мен Финляндия арасындағы болашақ әріптестік кеңи түсетініне сенім білдіріп, оған байланысты мығым негіздер қаланғанын алға тартты.

Жүздесу барысында, сондай-ақ парламентаралық байланыстарды одан әрі нығайту мәселелері де әңгімеге арқау болды.

Соңғы жаңалықтар