Мәжіліс төрағасы ҚХР-дың Бүкілқытайлық халық өкілдері құрылтайы Тұрақты комитетінің төрағасы У Банго мырзамен кездесті

ТАНА. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Парламент Мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов Қытай Халық Республикасы Бүкілқытайлық халық өкілдері құрылтайы Тұрақты комитетінің төрағасы У Банго мырзамен кездесті.
None
None

Кездесу барысында Қазақстан мен Қытай арасындағы саяси, сауда-экономикалық және парламентаралық байланыстардың жайы сөз болды. «Мәжіліс өкілдері үшін Қазақстан мен Қытай арасындағы әріптестік қатынастар маңызды мәселе. Сондықтан Мәжіліс бұл қатынастардың дамуына өзінше үлес қосып отыр. Бүгінгі таңда екіжақты қарым-қатынастардың тұрақты дамуы біздің мемлекеттеріміз бен халқымыздың мүддесімен толық үндеседі. Қазастан мен Қытай арасындағы тұрақты тату көршілік - қарым-қатынас халықаралық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің маңызды факторы. Осы орайда екі елдің соңғы жылдардағы байланыстарының ерекше қарқынмен дамуын ерекше қуанышпен атап өту керек», - деді Мәжіліс төрағасы.

Сондай-ақ ол сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ақпан айында Қытайға сапары мен Қытай Халық Республикасының төрағасы Ху Цзиньтаоның маусым айында Қазақстанға жасаған сапарларын жоғары бағалау қажеттігін атап өтті. Аталмыш кездесулер барысында екіжақты маңызды келісімдер жасалып, олар екіжақты байланыстарды дамытудың жаңа көздерін ашты. «Ал сіздің осы сапарыңызды жоғары деңгейдегі осы байланыстардың заңды жалғасы деп білемін. Қытай Қазақстанның жетекші экономикалық әрі инвестициялық әріптесі. Соңғы 10 жылда екі ел арасындағы тауар айналымы 12 еседен астам өсті. Осы орайда екіжақты тауар айналымын 2015 жылға қарай 40 миллиард долларға жеткізу орындалмайтын арман емес екендігін атап өту керек», - деді О.Мұхамеджанов.

Өз кезегінде ҚХР-дің Бүкілқытайлық халық өкілдері құрылтайы Тұрақты комитетінің төрағасы Қытай елінің О.Мұхамеджановтың Қазақстан-Қытай қарым-қатынастарын дамыту бағытында жеке өзі атқарған істерін жоғары бағалайтындығын жеткізді. «Мен сіздің Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынастарыңызға қатысты ой-пікірлеріңізбен толық келісемін. Біздің елдеріміздің арасында расымен де дәстүрлі достық қатынас сақталған. Біз ортақ мәселелерді бірлесе шеше отырып, өзіміздің елдеріміздегі сонымен қатар Орталық Азия аймағындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қол жеткіздік. Сауда-экономикалық байланыстардың да жағдайы қуантарлық. Өткен жылдың соңында екі елдің тауар айналымы 20 миллиард 400 миллион АҚШ долларын құрады», - деді Қытай өкілі.

Естеріңізге сала кетейік, бұл ҚХР-дің Бүкілқытайлық халық өкілдері құрылтайы Тұрақты комитетінің төрағасы У Бангоның Қазақстанға алғашқы ресми сапары. Кездесу барысында У Банго Мәжіліс төрағасын Қытайға арнайы сапармен келуге шақырды.

Соңғы жаңалықтар