18:13, 16 Наурыз 2009 | GMT +5
Мәжіліс Төрағасы қос елшіні қабылдайды
АСТАНА. Наурыздың 16-сы. ҚазАқпарат - Ертең, наурыздың 17-сінде Мәжіліс үйінде бірқатар халықаралық кездесулер өтеді.
Атап айтқанда, Мәжіліс Төрағасы Орал Мұхамеджанов Катар Мемлекетінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Насер Рашид Мұхаммед Әл-Наимимен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Сондай-ақ осы күні О.Мұхамеджанов Қытай Халық Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Чэн Гопинді де өз өтініші бойынша қабылдайды. Сонымен бірге осы күні түстен кейін Мәжілістің Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Ерлан Нығматулин Катар Мемлекетінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Насер Рашид Мұхаммед Әл-Наимимен өз өтініші бойынша кездеседі.