10:46, 13 Мамыр 2010 | GMT +5
Мәжіліс Төрағасы шетелдік әріптестерімен бірнеше халықаралық кездесулер өткізеді
АЛМАТЫ. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат - Ертең, мамырдың 14-і күні, Алматы қаласында басталатын «ЕҚЫҰ-ның еуразиялық өлшемі» атты Трансазиялық парламенттік форумның аясында бірнеше халықаралық кездесулер өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов Ауғанстан Ислам Республикасы Парламентінің Волеси Джирга Төрағасының бірінші орынбасарымен кездесуі ұйғарылған. Мамырдың 14-інде Орал Мұхамеджановтың ЕҚЫҰ ПА-ның төрағасы Жоа Соарешпен кездесуі көзделуде.
Мамырдың 15-і, сенбі күні Орал Мұхамеджановтың ЕҚЫҰ ПА президентінің орынбасары, Финляндия Республикасы Парламентінің депутаты Киммо Кильюненмен кездесуі жоспарланған. Және мамырдың 15-і күні ТүрікПА-ның Бас Хатшысы Рамиль Гасановпен кездесуі қарастырылған. Мамырдың 15-інде шетел делегациялары басшыларының құрметіне ҚР Парламент Мажілісінің Төрағасы атынан түскі ас берілетіні көзделуде.