Мәжіліс Үкімет түзеткен бюджетті өндіріске алды

АСТАНА. 24 қазан. ҚазАқпарат -  Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында палата «2012-2014 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын өндіріске алды.
None
None

«Заң жобасы шығыстарды оңтайландыру есебінен бюджеттің кіріс бөлігінің шығындарын жабу арқылы бюджет тепе-теңдігін қамтамасыз ету мақсатында әзірленді. Қаржы және бюджет комитеті осы құжатты қарап, 23 қарашаға дейін қорытынды әзірлеуге дайын»,- деді депутат Гүлжан Қарағұсова.

Еске сала кетсек, кеше Үкімет  ағымдағы жылдың бюджет жобасын нақтылап, ол бойынша биылғы тапшылықты 2,5 пайыздан 3,1 пайызға дейін арттырған еді.

Соңғы жаңалықтар