Мәжілісмен А.Тасболатов «Жібек Жолы» кеден бекетінің ұжымымен кездесті

Бұл туралы «Жібек Жолы» кеден бекетінің бастығы Б.Мыңбаев мәлім етті.
Жүздесуде ҚР Президентінің 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында және «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: «Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында жүктелген міндеттер талқыланды.
«Елбасы атап көрсеткендей, адамзатты қазіргі өркениетке алып келген «процентпен» ақша табатын банкирлер немесе «ауадан ақша істейтін» биржадағы делдалдар емес, адамзатты қазіргі өркениетке алып келген - нақты өдірістік еңбек адамдары. «Әлемнің әміршісі - еңбек.Тек еңбекпен ғана жеміс өнбек, тек еңбек қана бар қиындықты жеңбек». Бұл - Елбасының сөздері. Мақал болатын сөздер. Елбасымыз баршамызды ел игілігі жолындағы еңбекке шақырады», - деп атап өтті депутат.
Сонымен қатар, «Нұр Отан» ХДП фракциясының мүшесі Абай Тасболатов Мәжілісте талқыға түскен «Мемлекеттік шекара» туралы Заңға тоқталып, мемлекет тарапынан кеден, шекара мәселелеріне үлкен көңіл бөлініп отырғанын атап өтті.