Мәжілісмендер Ақмола облыстық ІІД-де ішкі істер органдары туралы жаңа заң жобасы жайында әңгімелеп берді
Бұл жөнінде ҚР Парламенті Мәжілісінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Отырысты Мәжіліс депутаты, заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Нұрлан Әбдіров бастап, ішкі істер органдары туралы жасалып жатқан жаңа заң жобасы жайында айтып берді.
Әңгіме барысында жеке меншік күзет құрылымдары мен қоғамдық күзет тәртібі бойынша құқық қорғау органдары арасындағы өзара құқықтық байланыстар бүгінде заңнамалық деңгейде шешіліп жатқаны қозғалды. Мұндай ынтымақтастық Ақмола аймағында ІІМ Бұйрығына орай бір жылдан бері Заң шеңберінде жүзеге асырылып келеді.
Сарапшылар тобына Мәжіліс депутаттары Ерсұлтан Бектұрғанов, Жанат Жарасов, Анатолий Пепенин, «Нұр Отан» ХДП партиялық бақылау Комитеті төрағасының орынбасары Болат Ғазизов, ІІМ жол полициясының комитет төрағасы Берік Бисенқұлов мүше болды. Олар Жол полициясы басқармасында жолда жүру қауіпсіздігі, техникалық бақылау мен жүргізушілерді оқыту сапасы жайын талқылады.
Қонақтар ішкі істер департаментінің қызмет техникаларын көріп, «Отан» автомектебі мен көлік құралдарына қызмет көрсету орталығына барды.