Мәжілісмендер Финляндия Жоғары әкімшілік сотының бұрынғы президенті Пекка Халлбергпен кездесті

АСТАНА. 16 қазан. ҚазАқпарат - Бүгін Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшелері Светлана Бычкова, Рамазан Сарпеков және Галина Баймаханова Финляндия Республикасының Жоғары әкімшілік сотының бұрынғы президенті Пекка Халлберг бастаған делегациямен кездесті.
None
None

Басқосуда «Заң алдындағы тепе-теңдік: Орталық Азиядағы сот әділдігінің қолжетімділігі» бағдарламасы жайында әңгіме болды. Аталған бағдарлама «Кеңейген Еуропа» бастамасы шеңберіндегі Еуразия Қоры мен Финляндия Сыртқы істер министрлігінің бірлескен жобасы болып табылады. Бағдарлама халықтың әлсіз тобына, әсіресе, ауылдағы әйелдерге, балалар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған.

Жүздесу барысында мейман П.Халлберг Қазақстанның бүгінгі жан-жақты даму қарқынына  тоқтала келіп, еліміздің шындығында да Орталық Азиядағы мемлекеттер арасында ілгері дамыған ел екенін, «Қазақстан аймақтың экономикалық локомотиві»  болып табылатынын жеткізді. Кездесуде еліміздің құқықтық саясатының жетілу барысына да баға бере отырды.

Өз кезегінде, қазақстандық депутаттар меймандарға Мәжілістің салалық комитетінің заң шығару қызметі жайында айтып берді. Кездесуге Финляндияның Айрықша тапсырмалар жөніндегі елшісі Лаура Рейнала мен Елшіліктің қызметкерлері Мерья Лахтинен мен Ханна Вуокко қатысты.

Соңғы жаңалықтар