Мәжілісмендер мен шекарашылардың ортақ пікірі: ҚР мемлекеттік шекарасы туралы заң қайта қарауды қажет етеді

 ШЫМКЕНТ. 13 қазан. ҚазАқпарат - Оңтүстік Қазақстан облысында жұмыс сапарымен ҚР Парламенті Мәжілісінің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің мүшелері  болып қайтты.
None
None

Қазақстан бойынша депутаттардың осындай барлығы бірнеше тобы жұмыс істеуде.

Оңтүстік Қазақстанда мәжілісмендер 2020 әскери бөлімшесінде болды. Ол Сарыағаш ауданында орналасқан. Бөлімше 1999 жылы құрылды, әскери нысанның шекарашылары мемлекет шекарасының 206,7 шақырымын күзетеді, шекараның бір бөлігі - тегіс алқаптармен, бір бөлігі өзендермен өтеді.

Депутаттар заң жобасының жаңа редакциясымен танысып үлгерген әскери бөлімшенің жеке құрамымен кездесті. Жалпы алғанда, шекарашылар мен мәжілісмендер бір пікірде: мемлекеттік шекара туралы қолданыстағы заң түзетуді бұрыннан қажет етеді. Себебі, бұл заң 1993 жылдың қаңтар айында қабылданған болатын. Заңның жаңа редакциясында әлеуметтік мәселелерге - әскерилерді қамсыздандыруға ерекше көңіл бөлінген. Қазір әскери бөлім шекарашыларының бір бөлігі баспанасыз, көбісі жалдамалы пәтерлерде, тіпті палатқалық қалашықта тұрады.

Соңғы жаңалықтар