Мәжілісте 2009 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет пен Есеп комитетінің есептері қаралады

АСТАНА. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ - Маусымның 3-інде өтетін Мәжілістің жалпы отырысында 2009 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет пен Есеп комитетінің есептері қаралады. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Бұл мәселе бойынша ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев пен Республикалық бюджеттің орындалуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев баяндама жасайды. Палатадан Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Аманжол Жазин баяндама жасайды.

Сондай-ақ депутаттар бірнеше заң жобаларын талқыға салады.

Соңғы жаңалықтар