Мәжілісте «Қазақстан Республикасында адвокатураның дамуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді

АСТАНА. Желтоқсанның 20-сы. ҚазАқпарат /Айдын Бәймен/ - Ертең, желтоқсанның 21-і күні Мәжілісте «Қазақстан Республикасында адвокатураның дамуы» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді,
None
None

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл шараны Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті «Нұр Отан» ХДП фракциясының жанындағы қоғамдық ұйымдармен байланыс жөніндегі Кеңеспен, ЕҚЫҰ және Қазақстанның адвокаттары одағымен бірлесе отырып ұйымдастырып отыр.

Дөңгелек үстелге сот және құқық қорғау саласының жетекшілері, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері шақырылған.

Соңғы жаңалықтар