Мәжілісте микроқаржыландыру ұйымдарын дамыту мәселелеріне қатысты дөңгелек үстел өтеді

АСТАНА. 29 ақпан. ҚазАқпарат - Бейсенбі, 1 наурыз күні  Парламент Мәжілісінде микроқаржыландыру ұйымдарын дамыту мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіруді көздейтін заң жобасын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтеді.
None
None

Бұл басқосу Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларды іске асыру мақсатында «Қазақстанда шағын бизнес пен жеке кәсіпкерлікті қаржылай қолдаудың перспективті формалары» тақырыбын қамтиды.

ҚР Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарағұсовадөңгелек үстелді ашады және жүргізеді деп күтілуде.

Осы отырысқа Парламент депутаттарымен қатар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары Біржан Нұрымбетов, Қаржы министрінің орынбасары Руслан Дәленов, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері қатысады деп күтілуде.

Дөңгелек үстелде ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Данияр Ақышев «Қазақстанда микрокредиттік ұйымдарды дамыту мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру», Ауыл шаруашылығы министрлігінің Инвестициялық саясат департаментінің директоры Рүстем Құрманов «Ауыл халқын және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін шағын несиелеу жүйесін заңдық және институттық дамыту», Қазақстан микроқаржылық ұйымдары қауымдастығының директоры Анатолий Глухов «Қазақстан Республикасында  кәсіпкерлікті қолдау құралдарын кеңейтсек - микроқаржыландыруды дамытамыз» тақырыбында баяндама жасайтыны жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар