16:13, 30 Сәуір 2013 | GMT +5
Мәжілісте республикалық бюджеттің атқарылуы таныстырылады
АСТАНА. 30 сәуір. ҚазАқпарат - ҚР Парламент Мәжілісінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мен Есеп комитеті 2012 жылдың республикалық бюджетінің атқарылу есебімен таныстырады. Бұл туралы мәжілістің баспасөз қызметінен хабарланды.

Таныстырылым барысында депутаттар алдында Үкімет атынан Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Болат Жәмішев баяндама жасайды. Ал Үкіметтің бюджетті атқаруына Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Аслан Мусин баяндайтыны күтілуде.