Мәжілісте шағын бизнес пен жеке кәсіпкерлікті қаржылай қолдаудың перспективалары талқыланды

АСТАНА. 1 наурыз. ҚазАқпарат -   Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде «Қазақстанда шағын бизнес пен жеке кәсіпкерлікті қаржылай қолдаудың перспективті формалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
None
None

Жиынды ашқан Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарағұсова кіріспе сөзінде бұл басқосу микроқаржыландыру ұйымдарын дамыту мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіруді көздейтін заң жобасын талқылауға арналғандығын атап өтті. Сонымен қатар, дөңгелек үстел Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларды іске асыру мақсатында өтіп отыр.

Жиын барысында ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Данияр Ақышев «Қазақстанда микрокредиттік ұйымдарды дамыту мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру» тақырыбында баяндама жасады. «Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына Жолдауларында еліміздегі микрокредиттеуді дамытуға баса назар бөледі. Мәселен, өзінің «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» деген былтырғы Жолдауында Мемлекет басшысы қазіргі уақытта микрокредиттердің негізінен айтарлықтай жоғары мөлшерлемемен тұтынушылық мақсаттарға жұмсалып жатқанын және ахуалды өзгертіп, тұтынуға емес, еңбекпен қамту жағына басымдық беру қажеттігін атап өтті. Осыған байланысты, ел Президенті микрокредиттеу бағдарламаларына қол жеткізуді кеңейтуді, қаржыландыруды кеңейтуді және тиісті заң жобасын әзірлеуді тапсырған болатын. «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты 2012 жылғы Жолдауында Ұлт Көшбасшысы ауылда жұмыс істейтіндерді микрокредиттермен қамтамасыз ету мәселесін де көтерді», - деді Данияр Ақышев.

 

Соңғы жаңалықтар