Мәжілісте Үкімет пен Есеп комитетінің бюджеттің атқарылуы туралы есебінің таныстырылымы өтті

АСТАНА. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Бүгін ҚР Парламентінің Мәжілісінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2008 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебінің таныстырылымы болып өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «2008 жылғы бюджет оның алдындағы жылдарға қарағанда күрделі экономикалық ахуалда атқарылды. Әлемдік экономикадағы проблемалардың салдары Қазақстан экономикасына да әсер етіп, 2-ші жартыжылдықта негізгі көрсеткіштердің қарқыны баяулай бастады. Ал төртінші тоқсанда экспорттық тауарларға баға күрт төмендеді. Бизнестің белсенділігі баяулады. Ұлттық экономиканы әлемдік дағдарыстың қыр көрсетулері мен қауіптерінен қорғау мақсатында 2007 жылдың қарашасында алғашқы тұрақтандыру жұмыстары қолға алынса, 2008 жылдың желтоқсанына қарай бұл жұмыс толық орындалды. Ұлттық қордың қаражатын қоса алғанда елдің резервтері 2008 жылдың басында шамамен 40 млрд. долларды құрады. Бұның өзі республикамыздың қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін маңызды болғаны сөзсіз», - деді Үкімет есебі бойынша баяндама жасаған Қаржы министрі Болат Жәмішев. Оның айтуынша, 2008 жылғы республикалық бюджеттің кірістері 3 трлн. 317 млрд. 601,9 млн. теңгеге немесе 99,6 пайыз көлемінде атқарылған. Бұның ішінде салықтық түсімдер 2 трлн. 71 млрд. 407,2 млн. теңгені құраса, салықтық емес түсімдер 72,8 млрд. теңге болып отыр. Ал есепті кезеңдегі бюджет шығыстары 2 трлн. 703 млрд. 567,1 млн. теңгені немесе 99,5 пайызды құраған. Сонымен бірге, былтыр қаржы активтерін сатып алу 100 пайызға орындалып, 899 млрд. 465,2 млн. теңге мөлшерінде болды. Сондай-ақ 2008 жылғы бюджет тапшылығын қаржыландыру көлемі 327 млрд. 478,5 млн. теңге шамасында атқарылған. «2007 жылмен салыстырғанда ІЖӨ нақты өсімі - 103,3, өнеркәсіп өндірісінің көлемі ? 102,1, байланыс қызметі 110,4 пайызды құрады», - деді Б. Жәмішев.
Соңғы жаңалықтар