Мәжілісте «Жаңа Қазақстан - жаңа әлемде: Тәуелсіздіктің 20 жылы» халықаралық конференциясының логотипі бекітілді

ТАНА. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламентінің Мәжілісінде «Жаңа Қазақстан - жаңа әлемде: Тәуелсіздіктің 20 жылы» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның логотипі бекітілді, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі.
None
None

29 қыркүйекте елдің жоғарғы өкілетті органында өтетін форумға Қазақстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясының депутаттары, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, бірқатар министрліктер мен ведомстволардың басшылары, ғалымдар мен сарапшылар қатысады.

Конференция «Тәуелсіздік және ұлттық сана-сезім», «Беларус зубры және қазақстандық барыс: 20 жыл бірге», «Нұрсұлтан Назарбаевтың еуразиялық жобасы: Ресейден көзқарас», «Қазақстан қазіргі геосаяси болмыс жағдайында», және басқа да өзекті тақырыптарды қамтиды.

Соңғы жаңалықтар