18:19, 29 Қазан 2009 | GMT +5
Мәжілісте жастар парламентаризмін дамыту мақсатында дөңгелек үстел өтеді
АСТАНА. Қазанның 29-ы. ҚазАқпарат - Ертең қазанның 30-ы күні Мәжілісте Шанхай ынтымақтастық ұйымына (ШЫҰ) қатысушы елдер мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аймағында тұратын жастардың парламентаризмін дамыту тақырыбында дөңгелек үстел өтеді,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Дөңгелек үстел ШЫҰ мен ТМД мемлекеттерінде тұратын жастар ұйымы мен саяси партиялардың жастар қанаты көшбасшыларының кездесуі аясында ұйымдастырылуда», дейді Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» ХДП «Жастар Парламентінің Мәжілісі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бақыт Сыздықова.
Дөңгелек үстелге Сенат пен Мәжіліс депутаттарымен бірге Әзірбайжаннан, Армения, Беларус, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Қытай және Қазақстанның әртүрлі жастар ұйымдарының өкілдері қатысады деп күтілуде.