Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті өзіне қатысты салалар бойынша заң жобаларын қарап, қорытындылар әзірледі

АСТАНА. 26 сәуір. ҚазАқпарат - Мәжілістің Қаржы және бюджет комитеті 2010 жылғы 1 қыркүйек - 2011 жылғы 15 сәуір аралығындағы кезеңде 116 заң жобасын қарады.
None
None

Қаржы және бюджет комитеті есепті кезең ішінде Қазақстан Үкіметі және Парламент депутаттары бастамашылық еткен 16 заң жобасы бойынша бас комитет болды. Оның ішінде 4 заң жобасы - төртінші сайланған үшінші сессиядан ауысқан болатын. 101 заң жобасы бойынша қорытындылар дайындалып, Парламент Мәжілісінің комитеттеріне берілді.

Бұл комитет республикалық бюджет жоспары, қаржы, салық салу, электронды ақшаға қатысты заң жобаларын талқылаудан өткізді.

Есепті кезең ішінде Комитет қараған заң жобаларының ішінде Қазақстан Республикасының Президенті 7 заң жобасына қол қойды, 1 заң жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметі кері қайтарып алды. Қазіргі уақытта Комитеттің қарауында 8 заң жобасы бар.

Соңғы жаңалықтар