10:36, 03 Наурыз 2009 | GMT +5
Мәжілістің, «Нұр Отан» партиясының және Адам құқықтары комиссиясының өкілдері Астанадағы тергеу абақтысында болады
АСТАНА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - Парламент Мәжілісінің, «Нұр Отан» партиясының және Адам құқықтары жөніндегі комиссияның өкілдері бүгін Астанадағы тергеу абақтысында болады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Астана қаласы бойынша басқармасынан хабарлағанындай, бұл шара Қазақстанның келесі жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымына төрағалық ету міндеті аясында өткізіледі. Сапардың негізгі мақсаты абақтыда отырғандардың жағдайымен танысу болып табылады. Сондай-ақ тергеудегі азаматтарды жеке мәселелер бойынша қабылдайды. Наурыздың 3-індегі жағдай бойынша Астанадағы тергеу абақтысында 669 адам отыр.