Медицина мекемелері арасында СПИД-ке қарсы семинарлар топтамасы басталды

Ең алғашқы семинар «Республикалық диагностикалық орталығы» АҚ базасында өткен болатын. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен хабарланды.
Семинар барысында ұйымдастырушылар қатысушыларды АИТВ жұқпасы мәселелеріне арналған негізгі нормативтік құқықтық актілермен, АИТВ жұқтырған ауруларды жүргізу әдісімен, АИТВ жұқтырған ошақ анықталған кездегі жүргізілетін іс шаралармен таныстырды. Осы шаралар ауруханаішілік жұқтыруды болдырмауға және АИТВ жұқпасы туралы кәсіби білім деңгейін арттыруға бағытталған.
ЖИТС орталығының міндеттерінің бірі медицина қызметкерлерін АИТВ жұқпасы және ЖИТС-ті алдын алу, диагностикалау және емдеу мәселері бойынша дайындау болып табылады. Осыған байланысты, Орталық мамандары Астана қаласында орналасқан барлық медицина ұйымдарында семинар өткізуді жоспарлап отыр. Аталған семинарларға дәрігерлер, процедуралық мейірбикелер, иммунологиялық және клиникалық лаборатория бөлімдерінің лаборанттары қатысады.
Іс шаралардың өткізілу барысында семинарға қатысушыларға ақпаратты-оқыту құралдары, үгіт ақпараттары ұсынылады. Орталық мамандары медицина мекемелерінің қызметкерлерін қызықтыратын сұрақтарға жауап береді.
Аталған семинарлар «Республикалық балалар оңалту орталығы» АҚ, «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы» АҚ, «Ұлттық ана мен бала ғылыми орталығы» АҚ, «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығы» АҚ және «Республикалық жедел медициналық көмек ғылыми орталығы» АҚ - да өткізіледі.