Мексикада тропикалық дауылдың салдарынан адамдар көшірілуде

АСТАНА. Қыркүйектің 7-сі. ҚазАқпарат - Мексиканың солтүстік-шығысында адамдар қауіпсіз жерге шұғыл көшіріліп жатыр. Жағалауға «Эрмин» тропикалық дауылы жетіп қалды, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
None
None

Циклон бірнеше сағаттан кейін америка шекарасына жетіп, Техас штатының оңтүстігіне төнеді. Қатты нөсер жауын сел тасқыны мен лай көшкінін туғызуы ықтимал. Мамандардың айтуынша, табиғаттың тосын мінезі таулы аудандардың тұрғындарына көбірек қатер төндіріп отыр.

«Эрмин» биылғы маусымда Атлантикада қалыптасқан сегізінші тропикалық дауыл болып табылады.

Соңғы жаңалықтар