Мектеп жәрмеңкесі отбасы бюджетін үнемдеуге көмектесуде - Павлодар

Өткен сенбі күні қалалық Мәдениет сарайының фойесінде сөрелер жайылып, балаларын мектепке дайындаған аналар дәптерлердің, түрлі-түсті қаламдардың, альбомдар мен күнделіктердің мол ұсынысына тап болды.
Сауда үлкен жеңілдікпен жүрді - мысалы дүкендерде мектеп дәптерлері 15 теңге тұрса, жәрмеңкеде - 11 теңгеден сатылды. Кейбір отбасыларда бірнеше оқушының бар екенін ескерсек, бұл жәрмеңке отбасылық бюджетке едәуір жеңілдіктер әкеліп отыр.
Жәрмеңкеде болған қала әкімі Бақытжан Жоламанов та осыны атап көрсетті: «Кәсіпкерлер қайырымдылық жәрмеңкесіне түсіністікпен және адамгершілікпен атсалысып отыр. Ағымдағы аптада осындай тағы екі жәрмеңке ұйымдастырылады. Қалада көмекке мұқтаж тұрмысы төмен отбасылардың балаларының тізімі жасалып отыр. Әкімдіктің, қалалық мекемелер мен кәсіпорындардың балалары оларға қажетті мектеп тауарларын сатып алуда», дейді әкім.