Мектепке «бомба қойған» телефон лаңкесі ұсталды - Шымкент
деп хабарлайды агенттік тілшісі.
Атап айтқанда, қыркүйектің 17-сінде белгісіз бір әйел Шымкенттегі мектептердің бірінің директорына қоңырау шалып, оқу ғимаратына бомба қойылғанын хабарлайды. Үрейі ұшқан директор дереу полицияға хабар береді. Оқиға орнына полицейлер, құтқарушылар, саперлар мен медиктер жедел жетеді. «Мұғалімдер мен оқушылар қауіпсіз жерге көшірілді. Мектептің ішін тексеріп шыққан мамандар ешқандай бомба таппады. Қоңыраудың жалған болғаны түсінікті болды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
«Әзілкешті» алты тәулік бойы іздеген тәртіп сақшыларының еңбегі ақталды. Олар шымкенттік 35 жастағы әйелді ұстады. «Күдіктінің айтуынша, оның танысын дәл осы мектепке жұмысқа алмай қойған. Ол құрбысы үшін осылай кек алмақ болады. Заттай айғақ ретінде ұялы телефон тәркіленді», - деп хабарлады баспасөз қызметінен.