Мектепте майдангер ақынның мұра­жайы ашылды

ҚЫЗЫЛОРДА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Қызылорда қаласы Қызылжарма ауылдық округіндегі қазақ сатирасының белді өкілдерінің бірі, Ұлы Отан соғысының ардагері С. Әлжіковтің есімімен аталатын №144 орта мектепте майдангер ақынның мұра­жайы ашылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мектеп биыл 1200 оқушыны бір мезгілде оқыта алатын іргелі оқу орнына айналып, жаңа ғимаратқа көшті. Заманауи үлгіде салынған мектепте 640 орындық мәжіліс залы, 3 жабық спорт залы, 420 оқушыға арналған асхана бар.

Жақында осында майдангер ақынның мұра­жайы ашылып, оған қаламгерлер, замандастары, ауыл тұрғындары жиналды. Көпшілік мектеп ауласына орнатылған қаламгер ескерткішіне гүл шоқтарын қойғаннан кейін мұражайдағы құнды материалдармен, жеке тұтынған заттарымен танысты.

Ақынның үзеңгілес інілері, қаламгерлер Өтеген Жаппархан, Қайырбек Мырзахметұлы және ұрпағы Орынбасар Әлжік естеліктер айтып, Сәкең туралы жылы лебіздерін білдірді. Мұражайдың лайықты жабдықталуына көп еңбек сіңірген мектеп ұжы­мына ақсақалдар алғыс айтты.

Соңғы жаңалықтар