Мектепте орамал тағуға тыйым салынды - БҚО

БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, А.Кенжеғалиев бұдан кейін өз отбасының мұсылман дінін ұстанатындығын, соған байланысты бастауыш сыныпта оқитын қызының мектепте барғанда орамал тағуға тиіс екендігін алға тартып, облыстық сотқа да шағым түсірді.
«Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңы 3-бабының талаптарына сәйкес діни білім беру ұйымдарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында білім беру мен тәрбиелеу жүйесі дін мен діни бірлестіктерден бөлінген және зайырлы сипатқа ие. Сондықтан сот пен прокуратура орамал тағуға тыйым салған жарғыны басшылыққа алған мектеп әкімшілігінің әрекеттерін дұрыс деп тапты. Бұл тәртіп аталған мектеп оқушыларының барлығына бірдей болып табылады. Жарғыда білім беру мекемесінің оқушылармен, ата-аналармен құқықтық қарым-қатынастары нақты белгіленген. Осыны негізге алған облыстық соттың апелляциялық сот алқасы Бөрлі аудандық сотының шешімін өз күшінде қалдырды.