14:43, 27 Ақпан 2012 | GMT +5
Мемлекет алға қойған міндеттерді жүзеге асыру үшін биылғы жылдың жоспары 207 млрд. теңгеге жететін болады - К. Мәсімов
АСТАНА. 27 ақпан. ҚазАқпарат - Мемлекет алға қойған міндеттерді жүзеге асыру үшін биылғы жылдың жоспары 207 млрд. теңгеге жететін болады.

Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП-ның кеңейтілген фракция отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мәлім етті.
Үкімет басшысының айтуынша, 36 млрд. теңге қолжетімді баспанаға жұмсалмақ. Ал, жалпы бұл бағыт бойынша шығыстар 86 млрд. теңге жетеді. «2012-2014 жылдарға арналған бюджет жобасы 2012-2016 жылдарға арналған елдің макроэкономикалық, базалық нақтыланған сценариі негізінде қалыптасқан. Ал, бұд сценарий ішкі жалпы өнімнің анықталған нақты өсімін 6 пайыз деңгейінде қарастырады»,-деді К. Мәсімов.