Мемлекет басшысы «Лукойл» компаниясының акционері Вагит Алекперовті қабылдады

АСТАНА. KAZINFORM — Кездесуде Президентке «Лукойл» компаниясының Қазақстандағы қызметінің нәтижелері және алдағы кезеңге арналған жоспары туралы мәлімет берілді.

Мемлекет басшысы «Лукойл» компаниясының акционері Вагит Алекперовті қабылдады
Фото: Ақорда

- Мемлекет басшысына «Қаламқас-теңіз» және «Хазар» бірлескен ірі жобаларын іске асыру барысы баяндалды, - делінген Ақорда таратқан ақпаратта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Вагит Алекперовті компанияның Қазақстандағы табысты қызметінің 30 жылдығымен құттықтады. 

Айта кетейік, мұның алдында Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті.

Соңғы жаңалықтар