Мемлекет басшысы мен АҚШ инвестициялық банкі өкілінің кездесуіне қатысты министр пікір білдірді

НЬЮ-ЙОРК. KAZINFORM — Мемлекет басшысының Goldman Sachs Global Institute компаниясының жаһандық мәселелер жөніндегі президенті Джаред Коэнмен кездесуіне қатысты ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев пікір білдірді, деп хабарлайды агенттіктің меншікті тілшісі.

Жаслан Мадиев прокомментировал встречу Президента Казахстана с инвестбанком США
Скриншот из видео / Kazinform

Жаһандық жобалармен айналысатын АҚШ-тың жетекші инвестициялық банкі Goldman Sachs-пен маңызды кездесу өтті.

Тараптар сандық инфрақұрылымды, оның ішінде AI агенттерін және ірі деректер орталықтарын қаржыландыруды дамытудың бірлескен мүмкіндіктерін талқылады.

— Бүгінде Goldman Sachs әртүрлі деректер орталығын қаржыландыру құралдарын белсенді түрде пайдаланып жатыр. Олардың АҚШ-та осы салада көптеген жобалары бар. Сондықтан біз оларды өңіріміздегі цифрлық инфрақұрылымға инвестиция тарту үшін қалай пайдалануға болатынын зерттеп жатырмыз, — деді Жаслан Мәдиев.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы америкалық Goldman Sachs жетекші инвестициялық банкінің Қазақстан Ұлттық банкімен ұзақ мерзімді серіктестік орнатқанын атап өтіп, ықпалдастық деңгейіне жоғары баға берді.

Соңғы жаңалықтар