Мемлекет басшысы: 2020 жылға дейін жас отбасыларға арнап 1 млн. 200 мың шаршы метр тұрғын үй салынады

АСТАНА. 16 қараша. ҚазАқпарат - 2020 жылға дейін жас отбасыларға арнап 1 млн. 200 мың шаршы метр тұрғын үй салынады.
None
None

Бүгін Астанада өтіп жатқан «Жас Отан» жастар қанатының ІІ съезі барысында сөз сөйлеген ҚР Президенті Н.Назарбаев осылай мәлім етті.

Елбасының айтуынша, бұл құрғақ цифр емес. «Әрбір көрсеткіштің артында орасан еңбек, жастарға деген шексіз қамқорлық жатыр. Мен осынау еңбектің жемісі мен қамқорлықтың жылуын жастардың жақсы білетініне кәміл сенемін», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Н. Назарбаев осыдан 4 жыл бұрын «Жас Отан» партияның Жастар қанатына айналғанын, сол уақытта «Нұр Отанның» жас мүшелеріне өздерінің келешек стратегияларын жоспарлауға мүмкіндіктер қарастырылғанын айтты.

Президенттің пайымынша, бұл дұрыс шешім болды. «Біріншіден, сендердің өз саяси авангардыңыз бар. Екіншіден, «Жас Отан» аса белсенді жастарды өзіне жинай алды. Үшіншіден, «Жас Отан» айналасына студенттер, жас фермерлер, жұмысшылар, ғалымдар мен білім иелері коалициясы топтасты. Төртіншіден, жастардың «Нұр Отан» партиясының жеңіске жетуіне қосқан үлесі зор», - деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар