19:34, 03 Шілде 2013 | GMT +5
Мемлекет басшысы «Астана Операда» «Ұйқыдағы ару» балетінің премьерасын тамашалады
АСТАНА. 3 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрында болып, «Ұйқыдағы ару» балетінің премьерасын тамашалады.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарланды.
Қойылымның хореграфисі - ресейлік балетмейстер Юрий Григорович. Балеттің қоюшы суретшісі, әлемге танымал сценограф Эцио Фриджерио мен костюмдер бойынша суретші - «Оскар» сыйлығының иегері Франка Скуарчапино Италиядан арнайы шақырылған.
Бүгінгі күні Ю.Григоровичтің жаңа хореграфиялық редакциясындағы «Ұйқыдағы ару» қойылымы әлемнің бес театрында, соның ішінде «Астана Операда» өтуде.