Мемлекет басшысы «Астана» президенттік кәсіби клубының құрметті президенті болып сайланды

АСТАНА. 4 шілде. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Астана» президенттік кәсіби клубының құрметті президенті болып сайланды. Бүгін аталмыш президенттік клубтың салтанатты тұсаукесері барысында Мемлекет басшысына арнайы сертификат тапсырылды.
None
None

Тұсаукесер барысында сөз сөйлеген «Самұрық Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев клубтың дүниеге келуі Елбасының есімімен тікелей байланысты екенін атап өтті.

«Сіз, шын мәнінде, осы клубтың рухани дем берушісісіз. Ендігіде клуб спортшылары одан да биік биіктерді бағындыра бермек. Сондықтан да Сізден «Астана» кәсіби президенттік клубының құрметті президенті болуыңызды сұраймыз»,- деді Ө. Шөкеев. Салтанат барысында арнайы сертификатты олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев Мемлекет басшысына табыс етті.

Соңғы жаңалықтар
Референдум