11:23, 07 Наурыз 2013 | GMT +5
Мемлекет басшысы: Әйел шексіз құдірет иесі
АСТАНА. 7 наурыз. ҚазАқпарат - Әйел шексіз құдірет иесі. Бұл туралы бүгін Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай «Көктем шуағы» Қазақстанның әйелдер қоғамдастығы өкілдерімен кездесуінде айтты.

Тарих тағылымында өзгерістердің барлығы әйелдердің қолымен немесе әйелдер үшін жасалады. Әйел шексіз құдіреттің иесі болып саналады. Тәуелсіз Қазақстанда әйелдердің рөлі жыл сайын артып келеді»,-деді Мемлекет басшысы.
Елбасының атап өтуінше, сайлау қарсаңында «Нұр Отанның» партиялық тізімінде әйелдердің үлесі 38 пайыз болған. Жергілікті мәслихаттарда да жыл сайын әйелдер саны артуда. Мәселен, Қостанай облыстық мәслихаты депутаттарының 31 пайызын, ақтөбелік депутаттардың 28 пайызын әйелдер құрайды.
«Сіздердің ұрпақ тәрбиесімен қатар заманның барлық игіліктерін көріп, білім алып, біліктіліктеріңізді жетілдіріп, жарқылдап өмір сүрулеріңіз керек. Сол үшін мемлекет те қызмет істейді»,-деді ҚР Президенті.