Мемлекет басшысы Бас прокурорға «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК басшыларына қатысты қозғалған қылмыстық істерді тергеу кезінде заңдылықтың қатаң түрде қамтамасыз етілуін тапсырды

АСТАНА-АҚОРДА. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Қайрат Мәмиді қабылдады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Мемлекет басшысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қ.Мәми Президентті қадағалаушы органның басымдықты жұмыс бағыттары мен елдегі заңдылықтың сақталуы туралы хабардар етті. Үкіметтің 2009-2011 жылдарға арналған дағдарысқа қарсы бағдарламасына бөлінген қаржыны пайдаланудың ашықтығын қамтамасыз ету мәселесіне ерекше көңіл аударылды.Бұдан басқа Қазақстанда тергеліп жатқан бірқатар қылмыстық істер туралы әңгіме болды.- Мемлекет басшысы «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының басшыларына, сондай-ақ мемлекеттік органдардың бірқатар лауазымды тұлғаларына қатысты қозғалған қылмыстық істерді тергеу кезінде заңдылықтың қатаң түрде қамтамасыз етілуін тапсырды, ? деді Бас прокурор.
Соңғы жаңалықтар